Accessibility links

Еуропа өкілдері америкалықтың Құранды өртеу жоспарын сынады


Сенбі күні Еуропа Одағының ресми өкілдері АҚШ-тағы 11-ші қыркүйек шабуылдарын еске алу күніне қатысты Құранды өртейтінін айтқан Флоридадағы христиан шіркеуінің басшысын сынады.

Германия сыртқы істер министрі Гюдо Вестервелле пастор Терри Джоунстың бұл қорқытуын “жиіркенішті әрі әлемдегі бейбітшілік үшін қауіпті әрекет” деп атады.

Еуро Одақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Кэтрин Эштон болса ұстамдылыққа шақырды. Олар бұл пікірлерін Еуропа Одағының сыртқы істер министрлерінің Брюссельдегі кездесуінде айтты.
XS
SM
MD
LG