Accessibility links

Ауғанстанда Құранды өртеуге қарсы шерулер болды


Ауғанстанның Логар провинциясындағы билік өкілдерінің айтуынша, АҚШ-тағы шіркеу пасторының Құранды өртеу қаупін тудырғанына наразылық танытқан ауғандықтар полиция бекеттеріне, дүкендерге өрт қойған.

Аймақтық басшының өкілі Дин Мохаммад Дарвиштің айтуынша, полиция әуеге ескерту оғын атып, үкімет үйін басып алушыларға кедергі жасаған.

Бадахшан провинциясының үш ауданында екінші күн наразы халық көшеге шықты. Бадахшан провинциясының полиция басшысы мыңдаған адамның наразылық шеруі бейбіт жағдайда өтті деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG