Accessibility links

Солтүстік Кавказдағы қақтығыстан 6 адам қаза тапты


Ресейдің Дағыстан республикасында полиция мен бүлікші топ арасында болған қақтығыстан жұма күні алты адам қаза болған.

Жергілікті Ішкі істер министрлігі мәлімдегендей, полиция 4 бүлікші жауынгерді өлтірген. Сонымен қатар осы тұста Дағыстан полициясының қызметкері мен түрме күзетшісін атып кеткен.

Бұл күнгі шабуылдар 17 адамның өмірін қиған Владикавказдағы жанкештілік жарылыстан кейін болып отыр. Солтүстік Осетиядағы ол жарылыстан тағы 140-тан аса адам жараланған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG