Accessibility links

Түркия конституциялық референдум өткізуде


Бүгін Түркия халқы ел Конституциясын өзгерту бойынша референдумға қатысып жатыр. Үкімет конституцияға ұсынылған өзгерістер Түркияны көбірек демократиялы ел етіп, әскерилерді азаматтық соттар алдында көбірек жауапты қылады деп отыр.

Бірақ оппозициялық партиялар мен әскерилер премьер-министр Режеп Тайып Ердоған мен оның исламшыл партиясы өз билігін күшейтіп, елді зайырлы мемлекеттіктен айырғысы келеді деп қарсы болып отыр.

Өзгерістердің басым бөлігі сот жүйесін реформалау мен әскерилерден билікті алуға бағытталған. Референдумға Түркияның дауыс беру құқы бар 50 миллиондай халқы қатысады.
XS
SM
MD
LG