Accessibility links

Пәкістанда АҚШ әуе соққысынан 5 бүлікші қаза тапты


Пәкістанның солтүстік-батысындағы тайпалы аймаққа жасалған әуе шабуылынан 5 бүлікші қаза болды. Пәкістан билігінің хабарына қарағанда, жексенбі күні Мираншах қаласына жақын ауылда АҚШ-тың зымыран соққысы берілген.

Пешевардағы қауіпсіздік өкілдерінің бірі AFP ақпарат агенттігіне АҚШ-тың екі зымыран соққысы бүлікші жасақтардың үйіне тасталды деп айтқан.

Вашингтон Ауғанстанмен шекаралас Пәкістанның солтүстік-батысын әл-Қаида мен талибандар мекеніне айналған деп, әуеден соққы беріп келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG