Accessibility links

Сербия Косово соғысына қатысты бұрынғы әскерилеріне айып тақты


Сербияның соғыс қылмыстары жөніндегі прокурорлары жартылай әскери бірліктің мүшесі болған 9 адамға Косово соғысы кезінде 40-тан аса бейбіт тұрғынды өлтірді деген айып тақты.

Жексенбі күні прокуратура ол тоғыз адам 1999 жылдың мамыр айында кісі өлтіріп, тонаушылыққа барған, адам зорлаған және этникалық албандардың мүліктерін талқандаған деп айыпталып отырғанын айтты.

“Сакали” деп аталған жартылай әскери топ мүшелеріне ресми айып тағу – Еуропа Одағына мүшелікке өтуді көздеген батысшыл сербия үкіметінің соғыс кезіндегі істерге қатысты жасаған шараларының бірі болып отыр.
XS
SM
MD
LG