Accessibility links

Иран АҚШ саяхатшысын кепіл ақшаға босатуға дайын


Иран өзінің қамаудағы американдық әйелді 500 мың доллар кепіл ақшаға шығаруға дайын екенін айтқан. Теһрандағы мемлекеттік ақпарат құралдары жазып жатқандай, бұл туралы жексенбіде прокурор Аббас Жафари Долатабади журналистерге мәлімдеген.

Сара Шурд және оның екі серіктесі өткен жылы шілде айында Ирақпен шекарада ұсталған. Үш америкалықтың туыстары өз балалары Ирақтың солтүстігіндегі тауға шығып, қыдырып жүргенде шекара сызығын білместіктен өткен деп отыр. Теһран болса, оларды тыңшылық жасамақ болды деп айыптайды.

Вашингтон ол айыптар неігзсіз екенін айтып, АҚШ азаматтарын босатуға шақырып келген.
XS
SM
MD
LG