Accessibility links

Ресейдің солтүстігінде 2 полиция қызметкері мерт болды


Ресей билігі Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағындағы бірқатар шабуылдардан екі полиция қызметкері қаза тауып, бес адам жараланғанын айтып отыр.

Дағыстан астанасы Махачкала сыртында бір полиция офицері оққа ұшқан. Тағы бір полиция қызметкері Ингушетияның Назран қаласында өлтірілді.

Қабарды-Балқар аймағында сенбі күні полиция күштерін тасып бара жатқан көлік минаға түсіп, жарылғанда бес адам жараланған. Бұл шабуылдардың бәрі Владикавказда 17 адамның өмірін әкеткен жанкештінің жарылысынан кейін болып отыр.
XS
SM
MD
LG