Accessibility links

Президенттің үзеңгілесі Владимир Ни Алматыда жерленді


Бүгін қазақстандықтар мемлекет басшысының саяси серігі, 78 жасында дүниеден өткен Владимир Ниді соңғы сапарға шығарып салды. Онымен қоштасу шаралары Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Жастар театрында өтті.

Қазақстан президентімен тікелей байланысы мықты болған Владимир Ниді ақтық сапарға шығарып салуға Сенат спикері Қасымжомарт Тоқаев, ҰҚК-нің төрағасы Нұртай Әбіқаев және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері, үкімет пен парламент мүшелері де қатысты.

Қаралы жиында сөз алған Алматы әкімі Ахметжан Есімов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нидің отбасына өзі барып, көңіл айтып шықты деді. Онда Назарбаев Владимир Ниден айрылу Қазақстан үшін ғана емес, 25 жыл бірге жұмыс істеген маған да үлкен қайғы. Ол менің жақын досым болды, Қазақстанның дамуына айтарлықтай үлес қосты деген.

Осыған дейін хабарланғандай, «ХОЗУ Корпорациясы» ЖШС-нің бас директоры, Владимир Ни ұзаққа созылған науқастан Швейцария ауруханасында көз жұмған.

Ол 1985-1988 жылдар аралығында Қазақ ССР Министрлер кеңесі төрағасының көмекшісі болды. Ал 1990 жылдан бастап ол ұзақ уақыт Қазақстан президенті мен үкіметінің іс басқарушысы болып жұмыс істеді.

Соңғы жылдары Қазақстанда оның есімі интернетте тараған атышулы «телефон тыңдауларына» қатысты жиі айтылатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG