Accessibility links

Швецияда жүрдек пойыз апатқа ұшырады


Швецияда жүрдек пойыз апатқа ұшырап, 18 адам жарақат алды. Теміржол экспресі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Кимстад стансасында карьерлік жүк тиеуші техникамен соқтығысып қалған.

Апат салдарынан 18 адам жарақат алды, үш адам - жүк тиеуші техниканың жүргізушісі мен екі жолаушы - ауыр жағдайда жатыр.

Апат кезінде пойызда 244 жолаушы болған. Олардың арасында Даниядан баскетбол жарысынан қайтып келе жатқан 13 бала бар. Жөндеу техникасының пойыз келе жатқанда неге жол үстінде тұрғаны туралы әзірге түсінік берілген жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG