Accessibility links

Қазақстанда антитеррористік жаттығулар басталды


Бүгін Қазақстанда ШЫҰ-ның "Бейбіт миссия -2010" антитеррористік жаттығуы салтанатты түрде ашылады.

Өткен аптада, Алматыда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қарулы күштері бас штабтары бастықтарының қатысуымен әскери –саяси кеңес өтті. Онда бірлескен жедел директиваға қол қойылды.

Қазіргі уақытта «Мәтібұлақ» полигонында арнайы жаттығу өткізу үшін Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстанның әскери бөлімшелері шоғырландырылған.Биылғы жаттығуға үш мыңнан астам жауынгер қатысады. Үш жүзден аса әскери техника, оның ішінде елуден астам ұшақ мен тікұшақ жұмылдырылған.

Бұған дейін кең көлемді «Бейбіт миссия» жаттығуы осыдан үш жыл бұрын Ресей аумағында өткен еді.
XS
SM
MD
LG