Accessibility links

Вашингтонда Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы талқыланады


Бүгін Вашингтонда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу мәселесі бойынша екіжақты келіссөздер басталады.

Бұл турасында Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі хабарлайды. Келіссөзге қазақстандық делегацияны экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Сүлейменов бастап барған.

Өткен аптада осы мәселеге қатысты техникалық консультация өткен болатын. Онда ауыл шаруашылығы өнімдерін сату, мемлекеттің бақылауындағы кәсіпорындардың жұмысын үйлестіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ екіжақты келіссөздерді аяқтау жөніндегі алдағы жұмыстардың кестесі келісілді.

Тараптар сонымен бірге, Кеден одағы аясында жаңа сауда-экономикалық режимнің Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы жөніндегі келіссөзге әсерін де талқылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG