Accessibility links

Прокуратура: өзбек босқындары экстрадицияланады


Бүгін таңертең Алматы қалалық прокуратурасының алдында бір топ босқын әйелі наразылық акциясын өткізді. Бұл турасында оқиға орнынан Азаттық тілшісі хабарлады. Жиналған 20-дан аса әйел өз күйеулерінің заңсыз ұсталғандарын, енді оларға Өзбекстанға экстрадициялану қаупі төніп тұрғандығын айтқан.

Жиналғандарды прокуратура ғимаратының ішіне кіргізбеді. Алайда Алматы прокурорының аға көмекшісі Тәшкенбай Әубәкіров олармен кездесуге шықты. Ол "ұсталған 30 азаматқа берілген босқын мәртебесі күшін жойғанын, сондықтан халықаралық талаптарға сай олар еліне қайтарылатындығын" жеткізді.

Прокурор көмекшісінің сөзінше, ұсталғандар - терроризм мен кісі өлімі сияқты қылмыстар жасады деп халықаралық іздеуде жүрген азаматтар.

Наразылық жиыны бір сағатқа жуық жалғасты.
XS
SM
MD
LG