Accessibility links

Иран журналисі кепілге босатылды


Иранда құқық қорғаушы журналист Шива Назар-Ахари ханым кепілдік қойып, бостандыққа шықты.
Оппозициялық сайттардың бірінде осы жайлы хабарланып отыр. Ол түрмеден шығу үшін 500 мың долларға жуық кепілдік төлеуге мәжбүр болған көрінеді.

26 жастағы Назар-Ахари алғаш рет өткен жылдың маусым айындағы президент сайлауынан кейін қамалды. Иран оппозициясы сайлаудың нәтижесіне қарсы наразылық шараларын ұйымдастырмақ болған еді.

Журналистке тағылған айыптардың ішінде «қоғамдық тәртіпті бұзды» және «исламға қарсы қылмыс істеді» деген айыптар бар.

Алғаш тұтқындалуынан 3 ай өткенде Шива Назар-Ахари кепілдікке босатылып, одан кейін қайта қамауға алынған еді.
XS
SM
MD
LG