Accessibility links

Зимбабведе 4 АҚШ азаматы тұтқындалды


Зимбабведе қайырымдылық миссиясымен жүрген төрт АҚШ азаматы тұтқындалды.

Америкалықтар емхананы рұқсатсыз ашты және дәрі-дәрмекті заңсыз үлестірді деп айыпталып отыр.
Сонымен қатар жергілікті екі дәрігер де қамауға алынды. Тұтқындалғандар өздеріне тағылған барлық айыпты теріске шығарып отыр.

АҚШ елшілігі болса, бұл азаматтардың СПИД-ке шалдығып, ВИЧ инфекциясын жұқтырған жетім балаларға дәрігерлік көмек көрсетумен айналысқанын хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG