Accessibility links

Венесуэла: әуе апатында 15 адам қаза болды


Соңғы ақпараттарға қарағанда Венесуэла шығысында болған әуе апатынан 15 адам қаза болған.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, ұшақ бортында барлығы 47 жолаушы және төрт экипаж мүшесі болған. Аман қалған 36 адам ауруханаға жеткізілді.

Мемлекеттік әуекомпания ұшағы Венесуэланың шығысындағы Пуэрто-Ордас қаласының маңында қону кезінде құлаған. Апат себептері анықталып жатыр.
XS
SM
MD
LG