Куба мемлекеттік кеңесінің төрағасы Рауль Кастро үкіметтің келесі жылдың басынан бастап жарты миллиондай мемлекеттік қызметкерді жұмыстан босатуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Оның сөзінше, жұмыстан босатылғандар жеке бизнесті жүргізуге салынған тыйымдардың жеңілдетілуінің арқасында жаңа жұмыс орындарын таба алады.
Экономика саласындағы бұл жаңа шаралар, Куба экономикасының әлсірей бастағаны туралы Фидель Кастроның мәлімдемесінен бірнеше күннен кейін жарияланып отыр.