Accessibility links

Үндістандағы қақтығыста 18 адам қаза тапты


Құранды қорлау фактілеріне наразылық акциясы кезінде 18 адам қаза тапты. Оқиға Үндістанның Кашмир штатында мұсылмандардың полиция арасында болған. Көшеге шыққан ондаған мың адам Америка дінбасыларының әрекеттерін айыптады.

Флоридалық шіркеудің пасторы Терри Джонс 2001 жылғы Нью-Йорктегі лаңкестік әрекеттің құрбандарын еске алу үшін қыркүйектің 11-інде Құранды өртейтіндігі туралы мәлімдеген еді. Оның бұл ойына Америка басшылығы мен әлемдік қауымдастық үзілді-кесілді қарсы болды.

Осыдан кейін пастор Джонс өз ниетінен бас тартқанымен, оның идеясын өзге пасторлар - Боб Олд және Дэнни Аллен жүзеге асырды. Американлық пасторлардың бұл әрекеттеріне жауап ретінде үнділік мұсылмандар Кашмир маңындағы христиан мектебі мен шіркеуін өртеп жіберді.
XS
SM
MD
LG