Accessibility links

Шығыс Қазақстанда дала өрті сөндірілді


Шығыс Қазақстанның Бескөл және Қарағайлы селолық округтерінде болған дала өрті сейсенбі күні таңғы сағат 6-ларда ауыздықталды. Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарланғандай, өрт Ресей шекарасына 30 шақырым жетпей сөндірілген. Өрт салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жедел ақпараттар бойынша, өрт жалмап өткен аудан 45 гектарды құрап отыр.
XS
SM
MD
LG