Accessibility links

Бішкек экс-президент Қ.Бакиевті сырттай соттайды


Қырғызстан билігі елдің экс-президенті Құрманбек Бакиевті сырттай соттамақшы.

Қырғыз вице-премьері Әзімбек Бекназаровтың мәлімдеуінше, бұдан былай ресми Бішкек беларус үкіметінен Бакиевті ұстап беруді қайтып сұрамайды.

Қырғызстанның бұрынғы президентіне Бішкекте 7 сәуірдегі 80-нен астам адам қаза тапқан жаппай бейберекет кезінде билік құзырын асырды деген айып тағылып отыр.

Қ.Бакиевтің үстінен қозғалған қылмыстық іс таяу уақытта сотқа берілуге тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG