Accessibility links

Кашмир: үнді әскері тәртіп бұзушыларға оқ атады


Жамму-и-Кашмир штатындағы үнді әскері комендант тәртібін бұзушыларға оқ атпақшы. Бұл туралы қауіпсіздік күштері мен жергілікті сепаратистер арасындағы қақтығыс салдарынан 19 адам қаза болғаннан кейін сейсенбі күні хабарланды.

Кашмирдің Үндістанға қарайтын бөлігінде ахуал бірнеше айдан бері ушығып тұр. Осы жазда түрлі оқиғадан 90-ға жуық адам қаза тапты.

Қазіргі ахуалдың шектен шығуына АҚШ-тағы христан діни қайраткерінің Құранды өртеуі мүмкін деген хабардың келіп түсуі түрткі болды.
XS
SM
MD
LG