Accessibility links

Халықаралық комитет Ақорданы сынға алды


Журналистерді қорғайтын халықаралық комитет уәде еткен саяси реформаларын жүзеге асырмағаны үшін Қазақстан билігін сынға алды.
Штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан баспасөз құралдарының құқын қорғайтын ұйым өзінің жаңа есебінде Ақорданың Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болып сайлануының алдында адам құқының қорғалуын жақсартып, баспасөз, сайлау және бейбіт жиын-шеру өткізу туралы заңдарын жетілдіру туралы уәде бергенін атап көрсетеді.

Алайда, - деп мәлімдейді журналистерді қорғайтын халықаралық комитет өзінің кезекті есебінде, - президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билігі өз уәделерін орындамай, өзінің репрессиялық саясатын үдете түсті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG