Accessibility links

Израиль мен Палестина келіссөзі Иерусалимде жалғасады


Израиль мен Палестина басшылары 1 жылдың ішінде бейбіт бітімге келуге болады деп әлі де сенеді.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Палестина автономиясының төрағасы Махмуд Аббастың кездесуі аяқталған соң, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы арнаулы өкілі Джордж Митчелл осылай деп мәлімдеді. Ол келіссөзге АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен бірге дәнекер болып қатысқан болатын.

Нетаньяху мен Аббастың Мысырдың Шарм-аш-Шейх курортындағы кездесуі соңғы 2 апта ішіндегі екінші басқосуы болып отыр. Осыған дейін олар 2 қыркүйек күні Вашингтонда жүздесті.

Келіссөз сәрсенбі күні Иерусалимде жалғасады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG