Accessibility links

Франция: қоғамдық орындарда пәренже киюге тыйым салынды


Францияда қоғамдық орындарда пәренже киюге тыйым салатын заң қабылданды. Заң жобасын сейсенбі күні Франция сенаты бірауыздан мақұлдады.

Енді бұл заңды бұзған қыз-келіншектерге 150 еуро көлемінде айыппұл салынады. Ал әйелдерін пәренже киюге мәжбүрлейтін ер азаматтар үшін 1 жыл мерзімге дейін түрме және қосымша 30 мың еуро айыппұл қарастырылған.

Заң 2011 жылдың көктемінен бастап күшіне енеді - парламент шешімімен алғашқы алты айда бұл заң тек «педагогикалық қолданыста» болады. Осы кезеңде полицейлер пәренже және никаб киген әйелдерге қоғамдық тәртіпті бұзып жүргендерін айтып, тек ескерту жасайды.

Дегенмен, бір айдан кейін отырысы өтетін Конституциялық кеңес бұл заңды конституция баптарына сәйкес келмейді деп тапса, жаңа заңның күші тоқтатылуы да мүмкін.

Бірқатар сарапшылар, дәстүрлі мұсылман киімдеріне тыйым салу - Еуропада тұрып жатқан миллиондаған мұсылманның наразылығын туғызатындығын айтады.
XS
SM
MD
LG