Accessibility links

Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының саммиті өтеді


Қыркүйектің 15-16 күндері Ыстамбұлда Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының 10-шы мерейтойлық саммиті өтеді. Оған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

Қазақстан сыртқы істер министрілігінің хабарлауынша, саммитте өңірлік және халықаралық проблемалар, сондай-ақ Түркі кеңесінің хатшылығын және оның басшылығын бекіту мәселелері талқыланады.

Форум күн тәртібіне Түркі кеңесінің аясында жаңа консультативтік орган - Ақсақалдар кеңесін құру енгізіліп отыр. Оның құрамына тараптар өкілдері ретінде түркі тілдес мемлекеттердің абыройлы және аса қадірлі азаматтары кіреді деп жоспарлануда.
XS
SM
MD
LG