Accessibility links

Мушарраф жаңа партия құратынын айтты


Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф өзінің алдағы айда жаңа партия құратынын мәлімдеді. Мушарраф осыдан екі жыл бұрын елдегі жаппай наразылық шараларынан кейін президенттіктен кетіп, Пәкістаннан кетіп қалған.

Бүгінде Лондонда тұратын Мушарраф қазанның 1-де Бүкіл Пәкістан мұсылмандары лигасы деген партия құратынын айтқанымен, оның қай елде болатынын айтпады.

Егер ол Пәкістанға оралса, 1999 жылы билікті басып алып, әскери төңкеріс жасағаны үшін сотқа тартылуы мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG