Accessibility links

Қазақстанда тоғызқұмалақтан тұңғыш әлем чемпионаты өтеді


1-7 қараша аралығында Астана қаласында тоғызқұмалақтан тұңғыш әлем чемпионаты өтеді.

Жарысқа Англия, Әзірбайжан, Германия, Испания, Чехия, Швейцария, Украина сияқты елдерден барлығы 50-ге жуық спортшы қатысуы керек. Әр елдің құрамасы 3 ер, 3 әйел болады. Чемпионат ерлер және әйелдер арасында жеке-жеке өткізіледі.

Тоғызқұмалақ алты рет - 2006 жылы Лондонда, 2007, 2008, 2009 және 2010 жылдары Прага мен Пардубицеде (Чехия), 2010 жылы Каннда (Франция) - дүниежүзілік зияткерлік олимпиада мен фестивальдердің бағдарламасына енді.

Қазір тоғызқұмалақ зияткерлік ойын ретінде тіркелген, www.iggamecenter.com сайтында тоғызқұмалақты онлайн жүйеде ойнайтын бағдарлама бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG