Accessibility links

Клинтон Израиль-Палестина келіссөздеріне төрағалық етеді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон сәрсенбі күні Иерусалимде Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт келіссөздерге арағайындық жасамақшы.

Бұл кездесу сейсенбі күні Палестина жетекшісі Махмуд Аббас пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаняхудің Мысырдың Шарм ел-Шейх қаласындағы келіссөздерінен кейін болайын деп отыр.

Мысырдағы келіссөздерге қатысқан АҚШ-тың Таяу Шығыс бойынша өкілі Джордж Митчель тараптар өзекті мәселелерді талқылауды бастады деген. Бірақ Батыс жағалаудағы еврей қоныстарын салуға қатысты даулы мәселеде әзірге прогрестер болмаған.

Палестиндіктер үйлер тұрғызуды тоқтатуды талап етсе, Израиль қыркүйек айының соңында аяқталатын қоныстануды уақытша тоқтату мерзімін созатын-созбайтыны туралы ештеңе айтпады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG