Accessibility links

Атырауда құлаған көпірге жауаптылар сотталды


Атырауда сот «Трансқұрылыскөпір» компаниясының лауазымды тұлғаларына Жайық өзені арқылы көпір құрылысы кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін өрескел бұзған азаматтардың атын атап, шешім шығарды. Бұл туралы КазАқпарат агенттігі хабарлап отыр.

2009 жылғы қыркүйекте көпірдің 60 метрлік бөлігінің құлап кетуі салдарынан 8 адам қаза тапқан еді.

Облыстық прокуратурада хабарлағандай, 5 адамға қатысты айыптау шешімі шығарылып отыр. «Трансқұрылыскөпірдің» бас инженері Мұхит Бекмағамбетов, кәсіпорынның атқарушы директоры Жәнібек Бекмағамбетов, жұмыстарды жүргізуші Олег Зайцев, қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер Ольга Самарина мен механик Сергей Супрун 4 жылдан 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Олег Зайцев жазасын қоныс колониясында өтейтін болды, ал өзгелерге қатысты жаза үкімнің 3 жылға шегерілуімен нақтыланды.

Жалпы ұзындығы 609 метрлік бұл көпірді салуға 6 миллиард теңгеден (40 миллион доллардан) астам қаржы жұмсалған.
XS
SM
MD
LG