Accessibility links

Ауғандықтар шеру өткізді


Бүгін Ауғанстан астанасында полиция Америкаға қарсы шерушілерді тарату үшін аспанға оқ атты. Наразылық шарасына шыққандар полицияға тас лақтырып, АҚШ-қа қарсы ұрандар айтып, жол қозғалысын қиындатуға тырысты.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Земарай Башари шерушілер саны 600-ден асады десе, куәгерлер көшеге бірнеше мың адам жиналды дейді.

Наразылық шеруі парламент сайлауына үш күн қалғанда болып отыр. Талибан өкілдері сайлауға кедергі жасайтынын айтқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG