Accessibility links

АҚШ пен Ирақ әскерінің рейдінен бейбіт тұрғындар қаза тапты


Ирақ билігінің хабарлауынша, Фаллуджа қаласындағы АҚШ пен Ирақ күштерінің бірлескен рейді кезінде кемінде 7 бейбіт тұрғын мен 2 ирақтық әскер қаза тапты.

Анбар провинциясының полиция басшысы рейд терроршылар үйіне жасалып, лаңкестер қауіпсіздік күштеріне оқ ата бастағанда, қақтығыс басталды, екі жақты атыс кезінде бейбіт халық оққа ұшты деді. Бұл тұста Мосулда Ирақ полициясының бір қызметкері жол бойына қойылған бомбаға түсіп мерт болды.

Бүлікшілер соңғы кезде Ирақ полициясы мен жасақтарға қарсы шабуылын күшейтіп отыр. АҚШ әскерилері әскери операцияларын тамыз айында ресми тоқтатқан еді.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG