Accessibility links

Қырғызстанда этникалық өзбек өмірлік түрме жазасын алды


Сәрсенбі күні Қырғызстанның оңтүстігіндегі қақтығыс кезінде полиция қызметкерін өлтірген деген айыппен этникалық өзбек Азимжан Асқаровқа өмірлік түрме жазасы берілді. Базар қорған оқиғасында полиция қызметкерін өлтірген деп айыпталған Асқаровпен бірге сегіз адамға сот үкімі шықты.

Құқық қорғаушы белсенді Азимжан Асқаров өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Қалған екеуі айыпты мойындарына алып, олардың бірі Минура Мамадалиева кішкентай баласына байланысты соттан рахымшылық сұраған.

Human Rights Watch ұйымы қырғыз билігінен Асқаров пен басқа да этникалық өзбектердің сотын ашық әрі әділ өткізуді талап еткен.
XS
SM
MD
LG