Accessibility links

Бельгияда екі пойыз соқтығысып қалды


Бельгияда екі бірдей жолаушы пойызы соқтығысып, 40-қа жуық адам зардап шекті. Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға Люксембург шекарасындағы Арлон қаласында сәрсенбі күні кешке болған. Бір пойыз вокзалдан енді аттанбақ болған, екіншісі оған қарама қарсы бағытта келе жатқан. Алдын-ала ақпарат бойынша, пойыздың біреуі семафордың тыйым салған белгісіне қарамай өтіп кеткен.

Соңғы бірнеше айда Бельгияда бірнеше теміржол апаты болды. Ақпан айында Брюссельде екі жолаушы пойызы соқтығысып, 18 адам қаза тапқан еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG