Accessibility links

Ертісбаев: Назарбаев 2012 жылы президент сайлауына қатысады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы өтетін президент сайлауына қатысуға ниеттеніп отыр, дейді президент кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев. Бұл туралы ол «Свобода слова» басылымына бейсенбі күні шыққан сұхбатында мәлімдеген.

Ертісбаевтың сөзінше, 2007 жылғы Конституцияға енгізілген өзгертулер негізінде президент сайлауға шексіз қатыса алады.

Одан өзге Ертісбаев, 2012 жылы президенттік сайлаудың орнына Қазақстан билігі референдум өткізеді дегенді жоққа шығарып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG