Accessibility links

Семей төртінші тәулік сусыз отыр


Семейдің көпшілік ауданында төрт күн бойы ауыз су жоқ. Салдарынан қалада бірнеше балабақша жабылып, білім беру мекемелерінде сабақтар қысқартылды, дейді қалалық білім беру бөлімі бастығының орынбасары Николай Пивкинге сілтеме жасаған «Новости-Казахстана» агенттігі.

Қаладағы «Семей су арнасы» кәсіпорнының Шығыс Қазақстан облысындағы электр энергиясымен жабдықтаушы болып табылатын «Шығысэнерготрейдке» қарызы 200 миллион теңгеден асқан.

Осының кесірінен «Шығысэнерготрейд» апта басында су арнасын электр қуатынсыз қалдырды. Нәтижесінде қаладағы мыңдаған тұтынушы, оның ішінде денсаулық пен білім беру нысандары сусыз отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG