Accessibility links

Халықаралық қор Пәкістанға 451 млн.доллар несие беруді мақұлдады


Халықаралық валюта қорының атқарушы кеңесі су тасқыны зардабын жою үшін Пәкістанға 451 млн.доллар несие беруді мақұлдады.

ХВҚ-ның мәлімдемесінде, бұл қаржы Исламабадтың елді шайып кеткен су тасқыны салдарларын реттеу үшін бөлініп отыр делінген.

Қаржы қорының бұл көмегі Дүниежүзілік банк Пәкістан билігіне су тасқынынан зардап шеккен миллиондаған адамға 1 мрд. доллар несие берген соң бөлініп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG