Accessibility links

Павлодар: орман өрті оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды


Павлодар облысында адам өліміне әкелген «Ертіс орманы» орман резерватындағы өрт оқиғасы бойынша үш қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлаған.

Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталып жатыр. Заң бойынша сараптаманың қорытындысы бір айда дайын болуға тиіс. Мамандар, өртке электр желілеріндегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін дегенді айтады.

Өткен аптада Павлодар облысында «Ертiс орманы» резерватының аумағында шыққан өртпен күрес екі тәулікке жалғасты. 3 мың гектарға жуық ағаш өртеніп кетті.

Қаза болғандардың арасында «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының Бесқарағай филиалының 3 қызметкері бар. Өрт кезінде үш үйелменнен тұратын бір отбасы құрбан болды.
XS
SM
MD
LG