Accessibility links

Иран президенті БҰҰ-дағы сөзін әділетсіздікке арнайды


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад алдағы аптада БҰҰ Бас ассамблеясының Нью-Йорктегі жиынына қатысады.

Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки брифингте президент Ахмадинежадтың Бас ассамблеяның жылдық отырысындағы сөзін қазіргі саясаттағы әділетсіздікке арнайтынын айтты.

Моттакидің айтуынша, Ахмадинежад бірнеше елдің басшыларымен де кездеседі.

Бұдан алдын БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Ахмадинежадтың қыркүйектің 24-де өтетін ғаламдық қарусыздану мәселесіне арналған жиынға қатыспайтын сыңай танытты деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG