Accessibility links

Польша полициясы жікшіл шешен жетекшісін қамауға алатынын айтты


Польшаның қауіпсіздік күштері қуғында жүрген шешендер жетекшісі Ахмед Закаевты Польшаға келсе қамауға алатынын айтты.

Террорист ретінде Ресейдің іздеуінде жүрген Закаевқа Британия 2003 жылы саяси баспана берген. Ол Дүниежүзі шешендерінің бейсенбі-жұма күндері Польшада өтетін жылдық конгресіне қатысады деп хабарланған.

Польша полициясының өкілі Интерпол Ресейдің сұрауымен Закаевқа халықаралық іздеу жариялағанын айтады. Закаев болса Азаттықтың Солтүстік Кавказ қызметіне берген сұқбатында, өзінің Польшаға бару үшін виза алып қойғанын айтты.

Бұл конгрес Шешенстанның тәуелсіздігін көздеген әрі Мәскеу тағайындаған президент Рамзан Қадыровқа қарсы қуғында жүрген шешендердің басын қосады.
XS
SM
MD
LG