Accessibility links

Қырғыз министрі Ресей базасына жалға беру құнын өсірмек


Қырғызстан қорғаныс министрі егер Ресейдің әскери базасы елде қала беретін болса, оған жалға беру құнын өсіруді қалайтынын айтты. Қырғызстанда Ресейдің Қант базасымен қоса 4 әскери құрылымы бар.

Қырғыз министрі Абибилла Құдайбердиев бұл туралы бейсенбі күні Бішкекте айтып, Қырғызстан қазіргі жалға алу қүнын екі-үш есеге өсіруді жоспарлап отыр деді.

Мәскеуде ресейлік әріптесімен бұл мәселені талқылап қайтқан қорғаныс министрі Құдайбердиев Ресей жалға алғаны үшін берешек ақшасын қару-жарақпен өтесе де болады деген. Оның айтуынша, Ресейдің қарызы 6 миллион долларды құрап отыр.

AzattyqTV

Маңғыстау мұнайшысы

Жамбыл Бойбоздың пікірі

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG