Accessibility links

Талибан халықты парламент сайлауына бойкот жариялауға шақырды


Талибан жауынгерлері халықты сенбі күні Ауғанстанда өтетін парламент сайлауына бойкот жариялауға шақырды. Олар сайлауды заңсыз процесс деп атап, оны тоқтату шараларын дайындап жатқандарын айтқан.

Тәліптер дауыс берулер қарсаңында бірнеше шабуыл жасап, сайлау науқанын жүргізушілер мен депутаттықтан үміткерлерді өлтірген.

Ауған билігі сайлау қауіпсіз жағдайда өтеді деп сендіруге тырысуда. Елде ашылатын 5 мыңдай дауыс беру учаскесіндегі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді қолға алып отыр.

Парламенттің төменгі палатасындағы 249 орын үшін 2,500 кандидат сайлауға түсіп отыр. Бұл 2001 жылы талибан режимі құлағаннан бергі екінші сайлау болады.
XS
SM
MD
LG