Accessibility links

XVI Бенедикт Британияға 4 күндік сапармен келді


Бейсенбі күні Рим папасы XVI Бенедикт Британияға сапарын бастады. Ол - Рим католик шіркеуінің Ұлыбританияға ресми сапармен барған бірінші жетекшісі.

Бенедикті Шотландияның Эдинбург қаласында Ұлыбритания патшайымы қарсы алды. Рим папасы бұл сапары кезінде Рим католиктері мен ағылшындар арасындағы байланысты жақсартуға тырысады.

Бірақ Рим папасының католик шіркеуіне деген сенімді азайтқан (жыныстық қатынас жанжалдары, гомосексуалдар мен түсік жасауға қатысты) саясатына қарсы наразылық шаралары осы сапарға кірбің ұялатып отыр.
XS
SM
MD
LG