Accessibility links

Польша билігі Качиньскидің құрметіне қойылған кресті алып тастады


Варшавадағы ресми билік президенттік сарайдың алдына ұшақ апатынан қаза тапқан Польша президенті Лех Качиньскидің құрметіне қойылған кресті алып тастады. Оны президенттік сарайдың ішіндегі кішірек шіркеуге қойған.

Бұл Качиньскидің жақтастарының наразылығын туғызды. Кезінде Качиньскимен шекісіп жүретін премьер-министр Дональд Туск крестің орнын ауыстыруды дұрыс шешім деп бағалаған.

Ол крест сәуір айында президент Лех Качиньски мен үкімет мүшелері бар 95 адам ұшақ апатына ұшыраған соң қойылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG