Accessibility links

Астрахан облысында Бөкей ханның кесенесі салынып жатыр


Ресейдің Астрахан облысының Краснояр ауданында Бөкей ханның кесенесі салынып жатыр. Құрылыс 2011 жылдың сәуір айында аяқталуы тиіс. Бұл туралы Ресейдегі Қазақстан елшігінен хабарланып отыр. Жобаны қазақстандық кәсіпкерлер қаржыландырады.

Кесенінің ашылуы - император І Павелдің Бөкей Ордасын Астрахан даласына қоныс аудару туралы шығарған жарлығына биыл 210 жыл толуы қарсаңында болады.

Бөкей Ордасы - ХІХ ғасырдың басынан ортасына дейін Ресей империясының құрамында болған және Еділ мен Жайық аралығында тұрған қазақ руларының мемлекеттік құрылымы болып табылады. 1801 жылы император І Павелдің рұқсатымен және Бөкей ханның басшылымен Еділ маңына 30 мыңдай адам көшіп барған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG