Accessibility links

Қазақстанның өзбек босқындарын елден шығару шешіміне сын айтылды


Жұма күні Чехиядағы Қазақстан елшілігіне бірнеше елде бас сауғалап жүрген өзбек босқындары барып, Қазақстан билігінің өзбек босқындарын елден шығаруына қарсылықтарын білдірмекші. Бұл туралы шетте жүрген өзбекстандықтардың Босқындарды қорғау комитеті хабарлады.

Қазақстанның Бас прокуратурасы ішінде босқын мәртебесін алған 17 өзбекстандықпен бірге 29 босқынды Ташкентке депортациялау жөнінде шешім шығарған болатын.

Украина, Швейцария, Дания, Швеция, Германия, Чехия, Нидерланды және АҚШ-та жүрген өзбекстандықтар Қазақстан БҰҰ-ның конвенциясын бекіткеніне қарамастан, халықаралық міндеттемесін орындамай отыр деп оған қоғам назарын аударғылары келетіндерін айтады.
XS
SM
MD
LG