Accessibility links

Украина журналистері қаза тапқан әріптестері Гонгадзені еске алды


Киевтегі украиналық журналистер марқұм болған әріптестері Георгий Гонгадзені еске алып, шеру өткізді. Олар Гонгадзенің өліміне қатысты бұрынғы президент Леонид Кучма мен оның сол кездегі қауіпсіздік қызметінің басшысын түрмеге жабуға шақырған ұрандар айтты.

Журналистердің кейбір бастарына қара лента тағып, “біз әділетті талап етеміз” деген жазу іліп алған. Осыдан 10 жыл бұрын журналист Гонгадзенің басы кесілген мәйіті орманнан табылған.

Осы аптада прокурорлар Гонгадзе өліміне қатысты тергеулер 2005 жылы өзін-өзі өлтірген, бұрынғы ішкі істер министрі Юрий Кравченконың журналисті тапсырыс беріп өлтіргенін көрсетіп отыр деген.
XS
SM
MD
LG