Accessibility links

Польша: жікшіл шешендер жетекшісі Закаев босатылды


Польша соты қамауға алынған жікшіл шешендердің жетекшісі Ахмед Закаевтың Польшадан кетуіне жол берілді деді. Жұма күні Варшава полициясы Ресейдің сұрауымен Интерпол арқылы іздеуде болған Закаевты ұстаған болатын.

Польша сотының өкілі Закаевтың жүріп-тұруына шектеу алынып тасталды деген. Прокуратураның Закаевтың босатылуына қарсы шағым түсіруіне жеті күн уақыты бар.

Закаевтың ісін қараған Польша соты шешендер жетекшісіне 2003 жылы Британия саяси баспана бергенін ескере келе, Польша да Еуропа Одағына мүше ел екенін айтқан.

Ресей 1990 жылдардағы Шешенстандағы соғыстар кезінде террорлық әрекеттер жасаған деп іздеу жариялаған Ахмед Закаев Польшаға шешендер конгресіне қатысу үшін барған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG