Accessibility links

Ахмадинежад Дамаскіде Сирия жетекшісімен кездесті


Сенбі күні Сирияда жүрген Иран президенті Махмуд Ахмадинежад осы елдің президенті Башар әл-Ассадпен келіссөздер өткізеді. Олардың кездесуі Сирия президентінің Израилмен бейбіт келіссөздерді жаңарту мүмкіндігіне қатысты АҚШ-тың арнайы өкілімен келіссөздер өткізген екі күннен соң болып отыр.

Ахмадинежад соңғы рет Сирияға ақпан айында барған. Оның алдында АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Вашингтон Сирияның Ираннан алыс болғанын қалайды деп айтқан еді.

Дамаскіден кейін Иран президенті Алжирге соғады. Одан соң БҰҰ Бас ассамблеясының жиынына қатысу үшін Нью-Йоркке де барады.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG