Accessibility links

Болгария министрі Францияның сығандарды шығарғанын жақтады


Болгария сыртқы істер министрі Францияның сыған мигранттарын елден шығарып, оларды Болгария мен Румынияға қайтарған қадамдарын қоштады.

Министр Николай Младенов бұл туралы Болгария астанасындағы Франция елшілігінің алдында сығандардың наразылық акциясын өткізер алдында айтты. Ол Париждегі үкімет заңды әрекет етіп отыр, еркін жүріп тұру құқығы деген оны басқа бір елде қолдануға кепілдік бермейді деген.

Болгариядағы 7,5 миллион халықтың төртен-бірін сығандар құрайды. Франция заңсыз сыған мигранттарын елден шығарғаны үшін Еуропа Одағында сынға тап болды.
XS
SM
MD
LG