Accessibility links

Халықаралық қауымдастық ауғандықтарды сайлаумен құттықтады


НАТО, Еуропа Одағы және БҰҰ-ның басшысы тәліптердің қаупіне қарамастан, ауғандықтардың сенбі күнгі парламент сайлауына қатысқанын мадақтады. БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун ауған халқын шешімді түрде ерлік көрсетті деп айтты.

Сенбі күні Ауғанстандағы парламент сайлауы кезінде бірнеше шабуылдар болып, кемінде 14 адам қаза тапты.

Талибан өздерінің сенбі күнгі дауыс берулерге кедергі жасау үшін 150 шабуыл жасағанын айтты. Сайлауға Ауғанстан халқының 40 пайызы қатысты деп хабарланды. Дауыс беру кезінде заңбұзушылық пен бұрмалаушылықтар кездескен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG